Қазақстан халқы Ассамблеясына 30 жыл

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Биыл біз Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толатынын атап өтеміз. Ассамблея 1995 жылы құрылғаннан бері өзін қоғамдық келісімді сақтау және елдегі этносаралық қатынастарды нығайтудың қуатты құралы ретінде көрсетті.

Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІV сессиясында сөйлеген сөзінде Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Осы уақыт ішінде Ассамблея қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді нығайтуға өлшеусіз үлес қосты. Еліміздегі бірлік пен теңдіктің, тұрақтылық пен тыныштықтың символына айналды. Этносаралық қатынас саласындағы теңдессіз қоғамдық институт ретінде танылды. Соның арқасында Қазақстанда бейбітшілік пен келісімнің қайталанбас үлгісі қалыптасты» деді.

Мерейтойды мерекелеу аясында Петропавлда Солтүстік Қазақстан облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік пен келісім жолындағы 30 жыл» тақырыбында XXIX сессиясы өтті.

Сессия жұмысына Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілханов пен өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов қатысты.

Сонымен қатар, іс-шараға облыстық мәслихат төрағасы Владимир Бубенко және облыстық мәслихат жанынан құрылған «Қазақстан халқы Ассамблеясы» депутаттық тобы қатысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/skomaslihat/press/news/details/1054555?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version