Қазақстанда тұрғын үйге кезекке қоюдың жаңа цифрлық сервисі іске қосылды!

Жарияланды:

Автор:

категорияда
2025 жылғы 24 мамырдан бастап бұл рәсім Отбасы банк әзірлеген orken.otbasybank.kz порталы арқылы жүзеге асырылады. Енді өтінімді толықтай онлайн, ЭЦҚ көмегімен беруге болады.
Жүйе өтініш берушінің деректерін мемлекеттік базалар арқылы автоматты түрде тексеріп, кезек қалыптастырады. Бұл үдерісті ашық, жедел әрі ыңғайлы етеді.
Тұрғын үй бағдарламаларын цифрландыру қолжетімділікті жеңілдетіп, оны барлық санаттағы азаматтар үшін барынша ашық етеді.
Сонымен қатар, әр айдың бірінші бейсенбісінде Отбасы банк мамандары «Алматы» ауданы әкімдігінің аппаратында азаматтарға қабылдау және кеңес өткізеді. Мекенжайы: Тәуелсіздік даңғылы, 7, сағат 14:00-ден 18:00-ге дейін.
Байланыс нөмірлері:
300 — ұялы телефоннан тегін қоңырау;
8 8000 801 880 — қала телефондарынан тегін қоңырау.
Өтінім беру: orken.otbasybank.kz.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1054306?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version