Қостанай облысы әкімінің және ҚР Парламенті Сенаты депутаттарының жұмыс сапары

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 20 тамызда Жітіқара ауданына жұмыс сапарымен Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Сергей Карплюк пен Бибігүл Аққужина келді. Сапар барысында олар Жітіқара ауданының бірқатар нысандарын жөндеу, реконструкциялау және салу барысымен танысты:

– бұрынғы Пионерлер үйінің ғимараттары, онда «МинералСтройСервис» ЖШС көппәтерлі тұрғын үй ретінде қайта жаңарту жүргізілуде;

– аудандық емхана ғимаратын қайта жаңарту;

– жылу желілерінің 3 учаскесін қайта жаңарту (11 шағын ауданда, Жібек жолы, Алтынсарин көшелері бойынша);

– теннис орталығы мен бокс залын салу барысымен;

– «Костснайские минералы» АҚ өнеркәсіптік аймағының аумағында қуаты 3,2 МВт күн электростанциясының құрылыс барысымен;

– «Денисовка-Жітіқара-Мүктікөл» KZ10-01 Республикалық маңызы бар автомобиль жолының учаскесін жөндеу;

– Милютинка ауылында жаңа медициналық пункт салу.

Сапар соңында аудандық мәдениет сарайы ғимаратында Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов Жітіқара ауданының тұрғындарымен кездесу өткізді.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-zhitikara/press/news/details/1054647?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version