Самар ауданында бақылау күні өтті
20 тамыз күні Самар ауылындағы мәдениет үйінің акт залында аудан әкімі аппаратының басшысы Рауан Жәмпеисов бақылау күнін өткізді.
Жиында 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығындағы жұмыстардың қорытындысы шығарылды. Мемлекеттік қызмет көрсету, протоколдық тапсырмалардың орындалуы, азаматтардың өтініштерімен жұмыс, нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру және мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын сақтау мәселелері қаралды.
– «Басты міндет – мемлекеттік органдардың ашық жұмысын қамтамасыз етіп, тұрғындардың сұрақтарына дер кезінде жауап беру», – деп атап өтті Рауан Жәмпеисов.
Кеңес қорытындысында жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берілді. Сондай-ақ мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға және азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтуға ерекше назар аударылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-samar/press/news/details/1054332?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау