Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Жібек жолы ауылдық округіне қарасты елді мекендерді ауыз сумен қамту мақсатында жүргізіліп жатқан құрылыс алаңдарын арнайы аралап, жұмыс барысымен танысты. Аудан басшысы мердігер мекемеге бірқатар нақты тапсырмалар беріп, құрылыс сапасына ерекше көңіл бөлуді тапсырды. Сондай-ақ, ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы С.Қарақұловқа жобалардың орындалуын қатаң бақылауда ұстауды міндеттеді.
Қазіргі таңда, Жібек жолы ауылдық округіне қарасты бірқатар елді мекендерде ауыз су құбырының құрылысы қарқынды жүруде. Атап айтқанда, Сарқырама елді мекенінде жобаға сәйкес ауыз су құбырының жалпы ұзындығы – 14,5 шақырым, бүгінде 10,5 шақырым құбыр желісі тартылған. Құрылыс жұмыстарын «FS Development Group» ЖШС жүргізуде. Қарабау елді мекенінде ауыз су құбыры 12 шақырым ұзындықта тартылып, құрылыс жұмыстарының 85%-ы орындалған. Жібек жолы елді мекенін ауыз су мен қамту мақсатында 80,1 шақырым, сонымен қатар Зортөбе елді мекенінде 35,4 шақырым ұзындықта ауыз су құбырларын тарту жұмыстары тартылған. Аталған елді мекендерде ауыз су қоймасының құрылысы аяқталған.
Айта кетсек, бұл жобалар тұрғындардың өмір сүру сапасын жақсартып, елді мекендерді сапалы ауыз сумен толық қамтуға бағытталған маңызды қадам болып табылады.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1054293?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау