Шығыс Қазақстанда кадрларды даярлау үшін колледждер мен «Казцинк» ЖШС арасында Альянс құрылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жұмысшы мамандықтар жылы аясында Шығыс Қазақстан облысында өңір колледждері мен «Қазцинк» ЖШС арасында альянсы құрылып, меморандумға қол қойылып, техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы ынтымақтастықтың жаңа форматы бастау алды.

Альянстың мақсаты – «Қазцинк» ЖШС мен облыс колледждері арасында серіктестік қатынастарды нығайту, компанияның сұранысына сай білікті әрі бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау.

Атап айтқанда, бірлесіп білім беру бағдарламаларын әзірлеу, студенттердің өндірістік тәжірибесі мен тағылымдамасын ұйымдастыру, сондай-ақ кәсіпорын базасында колледж оқытушыларының біліктілігін арттыру жоспарланған. Ерекше көңіл профильдік бағыттағы мамандарды даярлауға бөлінбек. Күтілетін нәтижелердің бірі – түлектерді даярлау сапасын арттыру, олардың еңбек нарығындағы сұранысын қамтамасыз ету және кадрлық әлеуетті нығайту.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1054716?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version