Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл қала нысандарындағы абаттандыру жұмыстарының барысымен танысты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін қала әкімі Ернат Бәзіл қала аумағында абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатқан бірқатар нысандарды аралады.

Алдымен әкім «Ұлан» шағын ауданында басталған көпқабатты тұрғын үйлердің қасбеттерін сырлау жұмыстарымен танысты. Онда жауапты мердігерге бірқатар ескертулер айтып, жұмыстардың белгіленген мерзімде және сапалы орындалуын қадағалауды тапсырды.

Бұдан кейін Ернат Бәзіл абаттандыру жұмыстары қарқынды жүріп жатқан «Ескелді, Балпық би, Қаблиса» ескерткіштерін аралап көрді. Сондай-ақ биыл Қабанбай батыр ескерткіші де қайта абаттандырылмақ.

Әкім Орталық саябақта бой көтеріп жатқан жаңа арка құрылысының барысымен танысып, бірқатар тұстарды әлі де пысықтау қажеттігін атап өтті. Еске салсақ, биыл «Жеңіс» саябағындағы арка да заман талабына сай қайта жаңғыртылмақ.

Қала әкімі Ернат Бәзіл:

– Биыл Талдықорған қаласында абаттандыру жұмыстары өткен жылмен салыстырғанда едәуір артты. Қазіргі таңда жобалардың басым бөлігінде жұмыс қызу жүргізіліп, аяқталу сатысына жетті. Жыл сайын көпқабатты тұрғын үйлердің шатырларын және қасбеттерін жаңартып келеміз. Соның арқасында қала ажарланып қана қоймай, тұрғындардың көптен көтеріп жүрген мәселелері де оң шешімін табуда. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жоспарға сай жалғасын табады, – деді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-taldykorgan/press/news/details/1054812?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version