ТМҰ аясында зияткерлік меншік ведомстволары басшыларының бірінші кездеуі өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 20 тамызда Қырғызстанның Бішкек қаласында Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) зияткерлік меншік мәселелері жөніндегі ведомство басшыларының алғашқы кездесуі өтті.

Кездесу барысында қатысушылар зияткерлік меншік саласындағы ынтымақтастықты нығайту, инновациялық дамуды ынталандыру, тәжірибе алмасу және ұлттық тәсілдерді үйлестіру қажеттілігін талқылады.

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы комитеті төрағасының орынбасары М. Сиротина Қазақстан Президенті
Қ.К. Тоқаевтың 2024 жылғы шілде айында Әзірбайжанның Шуша қаласында өткен ТМҰ саммитінде жарияланған Түркі патент ұйымын құру жөніндегі бастамасын еске салды.

Мүше мемлекеттер тарапынан ауқымды жұмыс атқарылып, жұмыс тобы құрылды, Конвенцияның жобасы мен қаржылық-экономикалық талдау әзірленді.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар одан арғы ынтымақтастықтың негізгі бағыттарын айқындайтын Бірлескен декларация қабылдады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kis/press/news/details/1054657?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version