Жамбыл ауданының прокуратурасы «Заң мен Тәртіп» қағидасы аясында облыс прокуратурасының үйлестіруімен жергілікті уәкілетті органдармен бірлесіп заңсыз жер қойнауын пайдаланудың алдын алу мақсатында бірқатар тексеру іс-шараларын ұйымдастырды.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде рұқсат құжаттарынсыз пайдалы қазбаларды өндірудің 7 фактісі анықталып, жолы кесілді. Сонымен қатар, учаскелердің бірінде көлемі шағын көлдермен салыстыруға болатын ірі шұңқырлар қазылғаны белгілі болды.
Қоршаған ортаға зиян келтіру белгілері бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 334-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексерулер басталды. Пайдаланылған техникалар айыппұл тұрағына қойылды.
Прокуратура органдары ескертеді: лицензиялар немесе рұқсат құжаттарынсыз жер қойнауын пайдалану бойынша кез келген жұмыстарды жүргізу Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік, тіпті қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады.
Сонымен қатар, облыс прокуратурасы азаматтарды заңсыз жер қойнауын өндіру фактілері бойынша хабардар етуге шақырады.
Бұл мақсатта бірыңғай сенім телефоны жұмыс істейді:+7 705 727 4809
Әрбір өтініш мұқият қаралып, әрбір факт бойынша тиісті прокурорлық шаралар қабылданады.
Заңсыз карьерлерді анықтау және жолын кесу жұмыстары жалғасуда.
#Заң_мен_Тәртіп
#Жауапкершілік
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-almaty-obl/press/news/details/1054728?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау