Жас өрт сөндірушілер құтқару дағдыларын пысықтады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Павлодар облысы ТЖД-да өрт сөндіру бөлімдерінің жас қызметкерлеріне арналған практикалық сабақтар өткізілді. Семинарды Департаменттің Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру басқармасының мамандары өткізді.

Жоспарлы әрекеттерді нақты жағдайға жақындатқан жас жауынгерлер өз мамандықтарының негізгі элементтерін пысықтады.

          Металл есіктерді “хулиган” әмбебап құралымен ашудың әртүрлі тәсілдері мен әдістері, өрт сөндіру жеңімен өзін-өзі құтқару, әр секунд маңызды болған кезде, зардап шеккендерді арқанмен құтқару. Сондай-ақ, тыныс алуға жарамсыз ортада штаттан тыс жағдайларда ГТҚҚ буындарының әрекеттері пысықталды.  Сонымен  қатар,  жанып жатқан үй-жайдың кіре берісінде өрт сөндіру қол оқпандарымен іс-қимыл бойынша жұмыс жүргізілді, онда мамандардың төзімділігі жан-жақты тексерілді.

          Аталмыш сабақтар тек жаттығу ғана емес, сонымен қатар адамдардың қауіпсіздігі мен өмірі тәуелді болатын кәсіби дайындықтың негізі болып табылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-pavlodar/press/news/details/1054893?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version