2025 жылдың 18-22 тамыз аралығында азаматтарды қабылдау кестесіне сәйкес қалалық мәслихат депутаттары Ғ.Байсеитов, Б.Кәрімова және Е.Нұртазаев қабылдау өткізді.
Қабылдауға келген тұрғындар тарапынан қаланың коммуналдық саласына қатысты және бірқатар жеке мәселелер көтерілді:
– Жаңа бизнес-идеяларды жүзеге асыруға арналған кайтарымсыз грант алу жолдары туралы:
– Шораяқтың Омары көшесіне жаяу жүргіншілер жолы, кешкі жарықтандыру;
– Тұрғылықты жері бойынша тұракты немесе уақытша тіркелу және уақытша тұрғын үй алу;
– Жұмысқа орналастыру мәселелері.
Депутаттар қабылдау барысында көтерілген мәселелерге қатысты қолданыстағы заңға сәйкес түсіндірмелер беріп, құзырлы мекемелер арқылы шешуді қажет ететіндері бойынша тиісті жұмыстар жасалатындығын жеткізді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-orda/press/news/details/1055696?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау