21 тамыз аудан әкімі Зеренді ауылындағы жылу нысандарын аралап, олардың алдағы жылыту маусымына дайындығын тексерді.
Іссапар барысында әкім тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандарды жылумен қамтамасыз ететін негізгі нысандарды қарап шықты. Ол барлық жұмыстар белгіленген мерзімде аяқталуы тиіс екенін атап өтіп, тұрғындардың қысты жайлы әрі қауіпсіз жағдайда өткізуі үшін қойылған міндеттердің орындалуын жеке өзі қадағалайтынын айтты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-zerendy/press/news/details/1055083?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау