Ағымдағы жылдың 21 тамызында «Шаңырақ» медиация және әлеуметтік көмек орталығы, Өскемен қалалық мәслихаты және Өскемен қаласының қоғамдық кеңесі қоғамдық келісімді дамыту саласындағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Меморандумның мақсаты тараптардың татуластыру рәсімдерін, медиацияны және қаланың мәслихат пен Қоғамдық кеңесіне келіп түсетін проблемалық мәселелерді шешудің баламалы тәсілдерін енгізу бойынша жан-жақты өзара іс-қимылын нығайту болып табылады.

Тараптар халықты татуластыру әдістерін қолдану мүмкіндіктері туралы хабардар етуге, сондай-ақ қоғамдағы жанжалдың алдын алуға және деңгейін төмендетуге бағытталған іс-шараларды бірлесіп іске асыру туралы уағдаласты.

Осы меморандумға сәйкес Өскемен қаласының тұрғындарына жеке консультациялық құқықтық көмекті тегін ұсыну көзделген.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ukmaslihat/press/news/details/1055301?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version