Алматының Жетісу ауданында «демалыс күнгі жәрмеңке» ашылады

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Алматыда қолжетімді бағада жаңа әрі балғын өнімдер алуға болатын тағы бір орын ашылады. Жетісу ауданында «демалыс күнгі жәрмеңке» жұмысын бастайтынын «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы хабарлады.
 
Жәрмеңкенің мақсаты – жергілікті шаруаларға өз өнімдерін өткізуге мүмкіндік жасау, ал тұрғындарға әлеуметтік маңызы бар азық-түлікті қолжетімді бағамен ұсыну.
 
Алдағы демалыс күндері Құлагер ықшамауданындағы «Гүлдер» саябағының алдында 15 сауда жасайтын шатырлар қойылады. Мұнда жылқы, сиыр, қой және құс еті, сүт өнімдері, жұмыртқа, көкөніс пен жеміс-жидек, сондай-ақ жаңа піскен нан-тоқаш өнімдері сатылады. Сауда алаңы демалыс күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді.
 
Қазір демалыс күнгі жәрмеңкелер Алматының бірнеше ауданында тұрақты түрде өтеді:
•Алмалы ауданы – Масанчи көшесі (Әйтеке би – Гоголь көшелерінің арасы);
•Әуезов ауданы – Өтеген батыр көшесі (Абай даңғылынан төмен);
•Бостандық ауданы – Қазақфильм ықшамауданы (әл-Фараби даңғылынан жоғары);
•Медеу ауданы – Меңдіқұлов бульвары – Бектұров көшесі.
 
Апта сайын жәрмеңкелерге 45 мыңнан астам қала тұрғыны келеді. Өнімдерді Алматы мен Алматы облысының 300-ден астам ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері ұсынады. Сауда сөрелерінде 1000-нан астам тауар түрі бар: ет, жұмыртқа, көкөніс, жеміс-жидек, сүт өнімдері, шұжық, бал және тағы басқасы.
 
Бағаны тұрақтандыру шаралары аясында әлеуметтік маңызы бар азық-түліктер нарықтағыдан 15–20 пайыз төмен бағамен сатылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/1055176?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version