Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Бекзат Жүсіп аймақтағы бірқатар мұнай-газ саласындағы ірі компания басшыларымен кездесті. Кездесуда шаһардағы жұмыссыздық мәселесі талқыланды.
Ақтау қаласының әкімі жыл басында осы саладағы 15 мекемемен меморандумға қол қойған болатын. Осы құжатқа сәйкес вакансия ұсынғандары бар. Алайда, санаулы ғана.
Кездесуде қекеме басшылары қала әкімінің орынбасарына жұмыс орындары көп босай бермейтінін алға тартты.
– Осы орайда, вакансия пайда болған кезде ол орынға маман таңдауды үйлестіру бойынша ұсыныстарымызды білдірдік. Компаниялардың әлеуметтік жауапкершілік аясындағы міндеттемелері бойынша пікір алмастық, – деді Бекзат Жүсіп.
Айта кетейік, қаладағы “Мансап” орталығы биыл 5330 адамды жұмыссыз ретінде тіркеген. Оның 1724-і қазір субсидияланған жұмыс орындарында («Қоғамдық жұмыстар», «Жастар практикасы», «Күміс жас жобасы», «Ұрпақтар келісімшарты», «Әлеуметтік жұмыс орны», «Алғашқы жұмыс орны» жобалары) еңбек етіп жатыр. Тағы 1790-ы – жұмыссыз қалғанда төленетін жәрдемақы алушы.
Алдағы уақытта өзге де мекемелермен меморандумдарға отыру жоспарда.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1055667?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау