Артур Ластаев: 2022 жылғы конституциялық реформа – мемлекеттiлiктi нығайтудың және заң үстемдiгiн қамтамасыз етудiң маңызды қадамы болды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев Конституцияның 30 жылдығына орай ұйымдастырылған «Жаңартылған Конституция – әділетті қоғамның кепілі» атты көрменің ашылу салтанатына қатысты. Шараны Қазақстан Республикасы Президентінің орталығы өткізді.

Іс-шараға мемлекет қайраткерлері, заң саласының беделді өкілдері, Конституциялық Сот мүшелері және орталық мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.

Өз сөзінде Омбудсмен Конституцияның 30 жылдығы – тек құқық пен заңды құрметтеу ғана емес, сонымен қатар бостандық пен бірліктің, елдің өркендеу жолындағы мерекесі екенін атап өтті.

Сонымен қатар, Артур Ластаев 2022 жылғы конституциялық реформаның ел дамуының жаңа кезеңіне жол ашқанын тілге тиек етті. Оның айтуынша, аталған реформа мемлекеттік құрылыстың берік негізін қалыптастырып, заңның үстемдігін күшейтті, сондай-ақ демократиялық процестер мен қоғамның барлық салаларын дамыту үшін тың мүмкіндіктер ашты.

Көрме еліміздің Негізгі Заңына деген құрметтің айқын көрінісі болып, әділетті әрі тұрақты мемлекеттің іргесін қалаудағы Конституцияның маңызды рөлін тағы бір мәрте айшықтады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman/press/news/details/1055541?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version