21 тамыз күні Астана қалалық мәслихатының депутаттары қалалық жинақтау пунктіне барды. Бұл сапар азаматтарды мерзімді әскери қызметке күзгі шақыру науқанына дайындық барысын жоспарлы тексеруге арналды.
Тексеру аясында депутаттар пункттің жұмыс ұйымдастырылуымен, әскерге шақырылушылардың орналастыру жағдайларымен танысып, сондай-ақ медициналық тексеру мен болашақ сарбаздарды іріктеу мәселелерін талқылады.
Іс-шараға Астана қаласының Азаматтық қорғанысты қамтамасыз ету орталығы мен Қорғаныс істері жөніндегі департаменттің өкілдері қатысты.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-ump/press/news/details/1055435?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау