2025 жылдың 21 тамызда Жамбыл облысы бойынша «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының алаңында, Жамбыл облысы Әділет департаменті «Аманат» авторлық және сабақтас құқықтарды қорғау жөніндегі коммерциялық емес ұйымымен бірлесіп, офлайн және Zoom платформасы арқылы авторлық құқық және сабақтас құқықтары мәселелері бойынша барларға, кафелерге, мейрамханаларға, қонақ үйлерге және басқа да объектілерге иелік ететін кәсіпкерлермен семинар өткізді.
Іс-шара барысында музыканы коммерциялық мақсатта пайдалану үшін лицензиялық шарттар жасасу қажеттілігі түсіндірілді.
Семинар қорытындысы бойынша қатысушылардың туындаған сұрақтарына жауаптар берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-zhmb/press/news/details/1055487?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау