Аудандық мәслихаттың кезекті сессиясы өтіп, онда депутаттар жергілікті маңызы бар бірқатар өзекті мәселелерді қарастырды.
Күн тәртібі аясында аудан әкімі Дарын Сабырғалиұлының өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есебі тыңдалды. Халық қалаулылары атқарылған жұмыстардың қорытындыларын талқылап, әкімдік қызметіне баға берді, алдағы уақыттағы басым бағыттарды айқындады. Аудан әкімінің есебінен кейін мәслихат төрағасы Лязат Қонарбаева қосымша баяндамамен сөз сөйледі.
Сондай-ақ сессия барысында аудан әкімі жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың құрамына өзгерістер енгізу мәселесі қаралды. Аталған мәселе бойынша аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтар жұмысы бөлімінің басшысы Эльмира Мұратова баяндады. Бұл өзгерістер жұмыс тиімділігін арттыруға және маңызды мәселелерді талқылауға қоғамдық қатысуды кеңейтуге бағытталған.
Бұдан бөлек, депутаттар аудандық мәслихаттың келесі кезекті сессиясының қарауына ұсынылатын негізгі мәселелерді белгіледі.
Сессия қорытындысы бойынша күн тәртібіндегі барлық мәселелерге қатысты тиісті шешімдер қабылданды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-celinograd/press/news/details/1055430?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау