Қазіргі таңда қоғамның басты міндеттерінің бірі – ұлт денсаулығын сақтау және өскелең ұрпаққа қолайлы орта қалыптастыру. Осы мақсатта Жастар күніне орай қаламызда «ДОНОР БОЛ!» атты қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды.
Игі шараға облыстық Жастар ресурстық орталығының мамандары мен ерікті жастар белсене қатысып, қан тапсыру арқылы өмірді сақтап қалуға үлес қосты. Қатысушылардың бұл қадамы қоғамға пайдалы болудың айқын үлгісіне айналды.
Сонымен қатар акция аясында салауатты өмір салтын насихаттау және тұрғындардың медициналық сауаттылығын арттыру бағытында Ашық есік күні өткізілді. Қалалық мәдениет және демалыс паркінде ұйымдастырылған шара барысында қала тұрғындары кәсіби дәрігерлерден тегін медициналық кеңес алып, өз денсаулығын тексеру мүмкіндігіне ие болды. Шараға келгендер үшін жалпы денсаулық жағдайын анықтау, алдын алу кеңестерін алу және дұрыс өмір салтына қатысты ақпараттар ұсынылды.
Атаулы акция жастардың қоғамға белсенді араласуы мен әр азаматтың денсаулығына жауапкершілігінің жарқын көрінісінің бастамасы ретінде табылмақ. Бұл бастама тек донорлық мәдениетті дамытып қана қоймай, қоғамда қолдау көрсету дәстүрін нығайтуға жол ашты. Осындай игі істер алдағы уақытта да жалғасын тауып, тұрғындардың денсаулығын жақсартуға және өмірге деген құндылықты арттыруға ықпал етпек.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-sayasat/press/news/details/1055053?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау