2025 жылғы 21 тамызда FSM Social мобильді қосымшасында жұмыс істеу бойынша жұмыс кеңесі өтті. Кеңеске Ақмола облысы прокуратурасы үкімдерінің орындалуын қадағалау басқармасы бастығының орынбасары Бауыржан Талғатұлы Әлмағамбетов, Ақмола облысы қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің орынбасары Дархан Қалымбекұлы Мырзабеков, (Zoom) режимде жұмыспен қамту бөлімдерінің басшылары, мансаптық орталықтар мен отбасыларды қолдау орталықтарының директорлары қатысты, кеңес Ақмола облысы жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы басшысының міндетін атқарушы Е.Қ. Мұхамединнің төрағалығымен өтті.
Сондай-ақ, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру мәселелері талқыланды.
Кеңес қорытындысы бойынша тиісті тапсырмалар берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-social/press/news/details/1055290?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау