Жиын барысында мерейтой аясында өткізілетін «Бекет ата Мырзағұлұлы – руханиятымыздың тірегі» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы, спорттық және мәдени-шығармашылық бағыттағы жобалар талқыланды.
Облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай Бекет атаның ел тарихындағы орнына ерекше тоқталып, мерейтойды жоғары деңгейде өткізу қажеттігін атап өтті.
– Біз халқымыздың рухани шамшырағы, сәулетші әрі ағартушы – Бекет Мырзағұлұлының 275 жылдығын лайықты атап өту мақсатында жиналып отырмыз. Бұл – ұлт рухын көтеретін, жас ұрпаққа үлгі болатын ерекше оқиға. Бекет ата – ел тарихының темірқазығы, халқына қалдырған асыл мұраның иесі. Сондықтан да, біздің міндетіміз – бұл мерейтойды лайықты атап өтіп, келер ұрпаққа өнеге қалдыру, – деді Нұрдәулет Қилыбай
Кеңес соңында өңір басшысы мерейтойға қатысты барлық шараларды жүйелі түрде жүзеге асыру үшін нақты тапсырмалар берді.
Маңғыстау облысы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mangystau/press/news/details/1055689?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау