ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қолдауымен «Медиа дамыту қоры» корпоративтік қоры 2025 жылғы 1 тамыздан бастап жұмысшы мамандықтар жылына арналған байқауға өтінімдер қабылдауды бастады.
Байқаудың басты мақсаты – адал еңбегімен елге үлгі болған азаматтарды таныту, жұмысшы мамандық иелері мен олардың қызметін танымал ету, еңбекқорлық, адалдық пен кәсібилік құндылықтарын дәріптеу.
Байқауға журналистер, блогерлер, контент-мейкерлер, видеографтар, мобилографтар, фототілшілер, теле-радио қызметкерлері, БАҚ редакциялары мен шығармашылық ұжымдар мына номинациялар бойынша қатыса алады:
- Үздік бейнеролик (Еңбек адамының портреті)
- Үздік телесюжет (Еңбекқорлық пен кәсіпқойлық құндылықтарын ілгерілету)
- Үздік фоторепортаж (Шебердің бір күні)
- Үздік радио сұхбат (Еңбек адамымен сұхбат)
- Үздік публицистикалық мақала (Еңбек династиясының жетістік тарихы).
Әрбір номинация бойынша 3 жеңімпаз анықталады.
Конкурсқа 2025 жылғы 1 қаңтар – 31 тамыз аралығында республикалық және өңірлік БАҚ-та, әлеуметтік желілер мен интернет-ресурстарда жарияланған материалдар қабылданады.
Жеңімпаздар 2025 жылғы 26 қыркүйекте Еңбек күніне арналған республикалық форум аясында марапатталады.
Өтінім 2025 жылғы 15 қыркүйекке дейін www.mdq.kz сайтында қабылданады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-sayasat/press/news/details/1055120?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау