«МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ЖӘРМЕҢКЕ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Аудан орталығындағы Жібек жолы көшесінде «Мектепке жол» акциясы аясында жәрмеңке ұйымдастырылды.
Шараға аудан әкімінің орынбасары Алтын Күнтуқызы қатысып, тұрғындармен бірге кәсіпкерлердің ұсынған тауарларымен танысты. Жергілікті кәсіпкерлер кеңсе тауарлары мен мектеп формаларын тұрғындарға қолжетімді бағамен ұсынды.
Айта кетейік, жаңа оқу жылы қарсаңында аудандағы атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың мектеп жасындағы 1504 балаға мемлекет тарапынан әр балаға 46 228 теңгеден, жалпы 69 млн 526 мың 912 теңге көлемінде жеке көмек қарастырылған.
Сонымен қатар бюджеттік мекемелер, мәслихат депутаттары, кәсіпкерлер мен өндіріс орындары тарапынан әлеуметтік аз қамтылған отбасылардың 500-ге жуық баласына оқу құралдары, мектеп формалары, аяқ киімдері мен сөмкелер табысталуда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-suzak/press/news/details/1055568?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version