ӨНЕР МЕН ӨНЕГЕ ТОҒЫСҚАН КЕШ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жамбыл ауылында «Ауыл мәдениеті – ел айнасы» атты мерекелік шара жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Алаң бойы ауыл тұрғындарының өз қолынан жасалған әсем бұйымдармен көркемделіп, ерекше көрініс берді. Түскиізден тоқылған картиналар, түрлі тастармен әшекейленген сөмкелер, қолмен тоқылған аяқ киімдер мен ою-өрнекті көрпелер көпшіліктің көзайымына айналды.  

Кештің концерттік бағдарламасында ауыл өнерпаздары ән шырқап, би билеп, өнерлерін паш етті. Жас домбырашылар күмбірлете күй орындап, көрерменге ұлттық әуеннің әсемдігін сезіндірді. Мерекеге ауыл тұрғындарымен қатар қадірлі қонақтар да қатысып, қуанышты сәттің куәсі болды.

Шара барысында ауыл әкімі Ербол Байболсынов «Таза Қазақстан» акциясы аясында өткен «Таза ауыл» жобасының жеңімпаздарын марапаттап, алғыс білдірді. Бірінші орынды – Нарматовтар әулеті, екінші орынды – Оңғарбаевтар әулеті, үшінші орынды – Нәрікбаевтар әулеті иеленді. Жеңімпаздарға арнайы алғыс хаттар мен сыйлықтар табысталып, ауыл халқы бірлік пен татулықтың жарқын үлгісін көрсетті.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-merke/press/news/details/1055236?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version