2025 жылғы 21 тамызда Приозерск қалалық мәслихатының депутаттары Панфилов көшесі, 7/1 мекенжайында орналасқан көпқабатты тұрғын үйге барып, жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарының барысымен танысты. Қазіргі уақытта тұрғын үйдің қасбеттері жылуланып, қабырғалары қапталуда және балкондардың конструкциялары қосымша материалдармен күшейтілуде. Сонымен қатар подъездге терезелер орнату жұмыстары жүргізіледі. Бақылау барысында үйдің фасадындағы тартылған электр және байланыс желілері бейберекет тартылған, осыған байланысты мердігер мен тұтынушы тарапынан тиісті мекеме басшыларына осы мәселені реттеу бойынша тапсырма берілді. Жүргізіліп жатқан жұмыстар аяқталғанша мәслихат депутаттарының бақылауында болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karaganda-priozersk/press/news/details/1055078?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау