Қаламыздың Ы. Алтынсарин атындағы мектеп-лицейі мен Ә. Марғұлан атындағы жалпы білім беретін мектебінде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

21 тамызда қалалық мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері және білім бөлімі өкілдерінен құралған мониторингтік топ осы білім ордаларына барып, атқарылып жатқан жұмыстармен танысты.

Ы. Алтынсарин атындағы мектеп-лицейінде «Горэлектросети» ЖШС шатырды жөндеумен айналысуда. Қазіргі таңда демонтаж жұмыстары аяқталуға жақын. Бұл жұмыстарға облыстық бюджет есебінен 43 млн теңге бөлінген. Келісімшартқа сәйкес, жөндеу қыркүйектің 27-іне дейін толық аяқталуы тиіс.

 Ә. Марғұлан атындағы мектепте күмбезді жөндеу және жылыту жүйесіне ағымдағы жөндеу жүргізу жоспарланған. Жұмыстарға жалпы 21 млн теңге қарастырылған. Бүгінде мердігер ұйым – ЖК «Тұрсынғали» ескі трубаларды бөлшектеу жұмыстарын жүргізуде. Ал күмбезді қалпына келтіру бойынша мердігер «Жахан кез» құрылыс материалдарының жеткізілуін ұйымдастыруда.

Мониторинг барысында жұмыс тобы жөндеу сапасының – балалардың қолайлы әрі қауіпсіз жағдайда білім алуына тікелей әсер ететінін атап өтті. Осыған орай қауіпсіздік талаптарының орындалуына, құрылыс материалдарының сапасына және жұмыс кестесінің уақытылы атқарылуына ерекше назар аударылды. Алдағы уақытта да бұл нысандардағы жөндеу жұмыстары тұрақты бақылауда болады.

 

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-satpaev/press/news/details/1055076?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version