Қазақстан Республикасының Атом энергиясы жөніндегі агенттігінде АЭС атауына арналған жалпыхалықтық конкурс өткізу мәселелері бойынша жұмыс тобының бірінші отырысы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 22 тамызда ҚазақстанРеспубликасының Атом энергиясы жөніндегіагенттігінде Алматы облысының Жамбыл ауданындағы атом электр станциясының үздік атауына жалпыхалықтық конкурсты өткізумәселелері бойынша жұмыс тобының бірінші отырысы өтті. Отырысты Агенттіктің төрағасыАлмасадам Сәтқалиев жүргізді. Жиынғамемлекеттік органдардың, ғылымиинституттардың, сондай-ақ «Қазақстандық атом электр станциялары» ЖШС өкілдері қатысты.

Отырыста конкурсты өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітіліп, ұйымдастырушылықжәне техникалық мәселелер қаралды. Атапайтқанда, конкурс комиссиясының құрамы, мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл тәртібіжәне техникалық қамтамасыз ету тетіктеріталқыланды.

Конкурс азаматтарды болашақ атом станциясының атауын таңдауға кеңінен тартудыңмаңызды құралы болып табылады. Оның өткізілуіелдің мәдени және тарихи құндылықтарынайқындауға, сондай-ақ жобаға деген қоғамдықсенімді арттыруға мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atom-energiyasy/press/news/details/1055526?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version