ҚР Парламенті Сенатының депутаты Нұрлан Бекенов Бұланды ауданына барды. Сапар барысында депутат инфрақұрылымдық жобалардың іске асырылу барысымен танысты. Атап айтқанда, Вознесенка ауылында салынған және жақында пайдалануға берілген көпір тексерілді. Сондай-ақ, Нұрлан Бекенов Вознесенка ауылындағы мәдениет үйінің құрылысымен және Қараөзек МҮ күрделі жөндеуімен танысты.
Ауылды дамыту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-bulandy/press/news/details/1055043?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау