Құрылыс саласы бойынша Президент тапсырмалары қалай жүзеге асырылуда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгінде құрылыс саласының ел экономикасындағы үлесі ЖІӨ-нің 6%-ын құрайды. Құрылыс саласының ішінде тұрғын үй құрылысы басты бағыттардың бірі болып қалып отыр. Бұл сектор соңғы алты жыл бойы тұрақты өсім көрсетіп келеді. Қазақстан жыл сайын құрылыс қарқынын арттыруда, бұл – жеке құрылыс компанияларының белсенділігі мен ынталандырушы мемлекеттік бағдарламалардың нәтижесі. Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің мәліметінше, 2019 жылдан 2024 жылға дейін 97,9 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Оның ішінде 39,3 млн шаршы метрі жеке тұрғын үй құрылысына (ЖТҚ), ал 58,6 млн шаршы метрі көппәтерлі тұрғын үйлерге (КТҮ) тиесілі.

2024 жылы құрылыс-монтаж жұмыстарының нақты көлем индексі 9 трлн теңгені немесе 115,3%-ды құрады. Салада 53 мыңнан астам кәсіпорын жұмыс істейді, оның ішінде 2,9 мыңнан астамы құрылыс материалдарын өндіретін өндірістер. 2024 жылы 19,1 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліп, рекордтық көрсеткішке қол жеткізілді. Жалпы 173,9 мың тұрғын үй нысаны салынды, оның 38,9 мыңнан астамы жеке тұрғын үйлер.

2025 жылдың бірінші жартыжылдығында құрылыс жұмыстарының көлемі 3,31 трлн теңгеге жетіп, былтырғымен салыстырғанда 18,4%-ға артты. 11 млн шаршы метрден астам жаңа нысан пайдалануға берілді, оның 7,9 млн шаршы метрі тұрғын үй, сондай-ақ 111 мектеп, 17 балабақша және 31 денсаулық сақтау нысаны қолданысқа берілді.

Құрылыс секторында миллионнан астам адам еңбек етеді.

Тұрғын үй құрылысы бойынша ауқымды бағдарламалар жалғасып жатыр. 2025 жылы 19,2 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланған.

Саладағы инвестициялық белсенділік жоғары деңгейде сақталып отыр. Соңғы алты жылда тұрғын үй құрылысына 15,4 трлн теңге бағытталған. Сондай-ақ 2025 жылдың алты айында бұл салаға 1,5 трлн теңге инвестиция тартылды.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-saulet/press/news/details/1054985?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version