САРЫАҒАШ: ҚҰРЫЛЫС ЖҰМЫСТАРЫН МЕРЗІМІНДЕ АЯҚТАУДЫ ҚАТАҢ ЕСКЕРТТІ  

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сарыағаш ауданының әкімі Жарты төбе ауылдық округіне жұмыс сапарымен арнайы барып, Ынтымақ елді мекеніндегі №9 Майлықожа атындағы жалпы білім беретін мектепке ордасының ғимаратына жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарын пысықтады. Сонымен қатар, аудан басшысы Құркелес ауылдық округіне барып, Еңкес елді мекеніндегі №21 Яссауи атындағы жалпы білім беретін мектеп ғимаратына жүргізіліп жатқан ағымдағы жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.

 

Арман Абдуллаев жөндеу жұмыстарының сапасына жіті назар аударып, мердігер мекемелерге мерзімінде аяқтау қажет екенін қатаң ескертті.

 

Бүгінде Ынтымақ елді мекеніндегі №9 Майлықожа атындағы жалпы білім беретін мектепке ордасының ғимаратына жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстары бойынша мердігер мектептің сыртқы және ішкі құрылымы толық жаңартып, заманауи стандарттарға сәйкес жөндеу жұмыстарын жүргізеді.

 

Құркелес ауылдық округіне барып, Еңкес елді мекеніндегі №21 Яссауи атындағы жалпы білім беретін мектеп ғимаратына ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

 

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1055713?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version