«Спорт – экстремизм мен терроризмге қарсы»

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жетісу облысы Алакөл көлі маңында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған «Спорт – діни экстремизм мен терроризмге қарсы» ұранымен «Алакөл – 2025» спорттық жазғы спартакиадасы ұйымдастырылды.
Іс-шараның басты мақсаты – жастарды салауатты өмір салтына баулу, олардың бос уақытын тиімді пайдалануын қамтамасыз ету, сондай-ақ деструктивті идеологиялардың алдын алу арқылы қоғамдық тұрақтылықты нығайту.
Спорт арқылы діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған бұл ауқымды шара Жетісу облысының түрлі өңірлерінен жиналған спортшылардың басын қосты. Көл жағалауында ұйымдастырылған жарыста 400-ге жуық спортшы қатысып, жағажай волейболы, футбол, үстел теннисі және арқан тартыс спорт түрлері бойынша жарыстар өтті.
Мұндай форматтағы шаралар жастар арасында деструктивті діни идеологияларға қарсы иммунитет қалыптастыруға маңызды рөл атқарады. Спорт – бірлік пен бейбіт өмірдің символы, ал белсенді әрі мақсатты өмір салты – қоғам қауіпсіздігінің кепілі.

Материал Жетісу облысының ТҚК
аппаратының ақпараты негізінде дайындалды

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/news/details/1055671?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version