«Жетісу облысы ветеринария басқармасы» ММ-сі ветеринариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және мемлекеттік қызметтер көрсету бөліміне қабылданған жас мемлекеттік қызметші Бекбосынова Айгерімге сыбайлас жемқорлыққа қарсы, оның алдын алу және мемлекеттік қызметте адал, сыйпайы болуға қызметтік міндеттерді, шектеулерді сақтау бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Түсіндіру барысында Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі және мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтарға жол бермеу қажеттігі айтылды. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметшілердің сыйлық алуына, қызметтік өкілеттігін жеке бас мүддесіне пайдалануға қатаң тыйым салынатыны түсіндірілді.
Жас қызметкерге мемлекеттік қызмет атқарудағы негізгі қағидаттар – адалдық, ашықтық, әділдік, жауапкершілік және қоғам мүддесін бірінші орынға қою қажеттігі ерекше атап өтілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-vet/press/news/details/1055378?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау