В Семее прошла международная конференция по защите конституционных прав граждан

Жарияланды:

Автор:

категорияда

     

      2025 жылдың 22 тамызында Семей қаласында ҚР Конституциясының 30 жылдығы мен ұлы ойшыл, ақын Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау» тақырыбында Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

      Өткен шараға ҚР Парламентінің депутаттары, Конституциялық Сот судьялары, отандық және шетелдік жетекші құқықтанушы ғалымдар, прокуратура органдарының өкілдері, адвокатура мен нотариат қауымдастығының мүшелері, сондай-ақ азаматтық қоғам өкілдері қатысты.

      Конференцияны ашқан Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев Конституцияның тарихи маңызын атап өтіп, Абай мұрасының идеялары ҚР Конституциясының іргелі қағидаттарымен үндес екенін атап өтті.

      Конференция барысында азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғаудың тиімді тетіктерін жетілдіру мәселелері талқыланып, адвокатура мен нотариаттың құқықты қорғау институттары ретіндегі дамуына, сондай-ақ заң қызметтері саласына цифрлық технологиялар мен жасанды интеллектіні енгізу мәселелеріне тоқталды.

     Іс-шара құқық үстемдігі қағидаттарын ілгерілетуге, азаматтардың конституциялық құқықтарының сенімді қорғалуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ мемлекет пен қоғам арасындағы сенім мен әріптестікті нығайтуға бағытталған маңызды диалог алаңына айналды.

      Абай облысының прокуратурасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-abay/press/news/details/1055554?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version