Түркістан қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының ұйымдастыруымен
«Қуаныш» ЖШС сауда орталығының кәсіпкерлерімен кездесу өткізіліп,
2026 жылы енгізілетін жаңа Салық кодексінің өзгерістері мен талаптары түсіндірілді.
Негізгі мақсат-халық пен бизнес арасында сенімді арттыру – «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасына сәйкес ашықтықты күшейту.
- Кездесу барысында мынадай тақырыптар талқыланды:
- Қосылған құн салығы (ҚҚС)
- Бөлшек сауда салығы
- Оңайлатылған режим
- Мүлік салығы
- Бақылау-кассалық аппараттарды қолдану тәртібі
Кездесу соңында кәсіпкерлер өзекті сауалдарына толыққанды жауап алды.
Алдағы уақытта мұндай түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде өткізілмек.
Толығырақ: https://www.instagram.com/mkd_turkistan_oblysy/reel/DNoG7-RCaDW/
https://www.facebook.com/share/v/19XVy7KnoX/?mibextid=wwXIfr
https://www.youtube.com/watch?v=pyJrAZ7Ow2I
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-turkistan/press/news/details/1055332?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау