Бүгін, 22 тамыз күні Жаңаөзен қалалық мәслихатының білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, экология, қоғамдық қауіпсіздік және әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы А. Кумысбаевтың төрағалығымен Жаңаөзен қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отыз жетінші отырысы және Жаңаөзен қалалық мәслихатының төрағасы Ғ. Байжановтың төрағалығымен Жаңаөзен қалалық мәслихатының кезектен тыс XXIX сессиясы өтті.
Сессия отырысына қала әкімі, мәслихат депутаттары, ауыл әкімдері, мемлекеттік мекеме басшылары қатысты.
Күн тәртібінде бірқатар маңызды мәселелер қаралып, тиісті шешімдер қабылданды. Атап айтқанда, Қызылсай, Теңге, Рахат және Кендірлі ауылдарының 2025–2027 жылдарға арналған бюджетіне өзгерістер енгізу туралы мәселелер талқыланып, бекітілді.
Жаңаөзен қалалық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы және сессия отырысы Жаңаөзен қалалық мәслихатының facebook әлеуметтік желісі арқылы тікелей эфирде көрсетілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-mangystau-zhanaozen/press/news/details/1055368?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау