Жоғары Сот Кеңесінде судьялар корпусын қалыптастыруға арналған дербес ақпараттық жүйе құру мәселесі талқыланды.
Жоғары Сот Кеңесінде Мемлекет басшысының судьялыққа іріктеу процесін жетілдіру және оны қазіргі заманғы цифрлық технологияларды қолдана отырып әділ жүргізу жөніндегі тапсырмасын орындау аясында жұмыс кеңесі өтті.
Дербес ақпараттық жүйе әзірлеп, енгізу жөніндегі негізгі тәсілдер талқыланды. Аталған жүйе соттарды қалыптастыру және судьялардың тәуелсіздігіне кепілдіктерді қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді іске асыруда басты құралға айналмақ.
Кеңес қызметіне цифрландыруды енгізу алдағы уақытта біліктілік емтиханы кезеңдерінің ашықтығын, судьяларды іріктеу кезіндегі конкурстық рәсімдердің жариялылығын қамтамасыз етуге, оларға қатысуға қолжетімді жағдайлар жасауға, материалдарды қарау мерзімін қысқартуға, сондай-ақ мемлекеттік органдардың, соның ішінде құқық қорғау органдарының базаларымен тиімді өзара іс-қимылды жолға қоюға мүмкіндік береді.
Цифрлық технологияларды қолдану адами фактордың ықпалын төмендетеді, деректердің үлкен көлемін сақтаудың сенімділігін қамтамасыз етеді, үміткерлерді бағалаудың объективтілігін арттырады, ақпаратты өңдеу жылдамдығын жоғарылатады, сондай-ақ қызметкерлердің жүктемесін азайтып, олардың әлеуетін тиімді аналитикалық жұмысқа жұмсауға жол ашады.
Дербес ақпараттық жүйені енгізу Кеңеске жұмыстың сапалы жаңа деңгейіне шығуға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде сот жүйесіне қоғамның сенімін нығайтуға және оның ашықтық пен әділдіктің халықаралық стандарттарына сәйкестігін қамтамасыз етуге ықпал етеді.
Жоғары Сот Кеңесі ел басшылығы тапсырған заманауи сын-қатерлер мен міндеттерге сай цифрлық шешімдерді кезең-кезеңімен енгізуді көздейді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vss/press/news/details/1055143?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау