Екібастұзда «Азаматтарды бірыңғай қабылдау күні» өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Президенттің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында 2025 жылғы 20 тамызда «Қазақстан» орталық алаңында Екібастұз қаласының әкімі А.У.Бейсекиннің қатысуымен «Азаматтарды бірыңғай қабылдау күні» ұйымдастырылды.
Іс-шараға мемлекеттік органдардың, коммуналдық қызметтер мен басқа да қала ұйымдарының басшылары қатысты. Қала тұрғындары өзекті мәселелерін жеткізіп, ұсыныстарын талқылау мүмкіндігіне ие болды.
Қабылдауға шамамен 100-ге жуық азамат келіп, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, әлеуметтік көмек, жұмыспен қамту және инфрақұрылымдық мәселелер бойынша сұрақтарын қойды. Әрбір өтініш жеке қарастырылып, жауапты мекемелерге тиісті тапсырмалар берілді.
Мұндай ашық форматтағы қабылдаулар халық пен билік арасындағы сенімді арттыруға, азаматтардың өзекті проблемаларын жедел шешуге бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ekibastuz-politika/press/news/details/1055814?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version