Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» республикалық науқаны аясында бүгін Сарыағаш ауданында ауқымды сенбілік жұмыстары өткізіліп, республикалық маңызы бар, облыстық және аудандық маңызы бар тас жолдарының бойымен ішкі көшелерде тазалық жұмыстары қарқынды жүргізілді.
Сенбілік жұмыстарына аудан әкімі Арман Абдуллаевпен бірге таңғы сағат 8:00-ден бастап 13 ауылдық округ пен қала , бөлімдер мен мекемелер, мемлекеттік және қоғамдық қызметкерлер, аудан жастары мен еріктілер белсене қатысты.
Аудан әкімінің бастамасымен өткізілген қарқынды тазалық науқаны барысында көшелердің бойына бей-берекет тасталған күл-қоқыстардан тазарту, шөптерді ору жұмыстары жүргізілді.
«Таза Қазақстан» науқанының мақсаты – экологиялық мәдениетті қалыптастыру, «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» тұжырымдамасы негізінде отансүйгіштікті, табиғатты қорғауға, қоршаған ортаға деген жанашырлық құндылықтарын дәріптеу.
Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1055778?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау