Облыста көпбалалы отбасылардың әл-ауқатын арттыруға және олардың тұрмыс сапасын жақсартуға тұрақты көңіл бөлініп келеді. Қазіргі таңда өңірде 50 мыңға жуық көпбалалы отбасы тұрады. Оның ішінде 5 798 ана – «Алтын алқа», 11 173 ана – «Күміс алқа» иегері.
Биыл 4 198 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілсе, 45 мыңнан астам көпбалалы отбасы мемлекеттік жәрдемақы алуда.
2014 жылдан бері «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауына облысымыздан 2 700-ден астам отбасы қатысқан. Олардың 60%-дан астамы – көпбалалы, 213-і – интернационалдық отбасылар.
Биыл байқауға Тараз қаласы мен аудандардан 222 отбасы қатысып, оның 22-сі облыстық кезеңге жолдама алды. Бұл әулеттер – түрлі салада жетістікке жетіп, өңір абыройын асқақтатып жүрген үлгілі жандар.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-sayasat/press/news/details/1055763?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау