А. Ертаев ХЕҰ стратегиялық миссиясының өкілдерімен кездесті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Асқарбек Ертаев Еуропа және Орталық Азия бойынша Халықаралық еңбек ұйымы Аймақтық кеңсесінің аға әкімшісі Хутан Хумаюнпурмен кездесу өткізді. Келіссөздер барысында тараптар еңбекті қорғау саласындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады.

Отырысты аша отырып, Асқарбек Ертаев Халықаралық еңбек ұйымының (бұдан әрі – ХЕҰ) стратегиялық миссиясының мақсаттарына табыс пен қол жеткізуге тілек білдірді.

Хутан Хумаюнпур өз кезегінде Қазақстан Үкіметінің еңбекшілердің құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету, оларды әлеуметтік қорғау және т.б. сияқты мақсаттарды айқындайтын ҚР лайықты еңбекке жәрдемдесу жөніндегі 2026 жылға дейінгі жол картасының (бұдан әрі – Жол картасы) тармақтарын іске асырудағы өнімділігін атап өтті.

Кездесу барысында тараптар Жол картасын одан әрі іске асыру перспективалары мен кеңейту мүмкіндіктерін, сондай-ақ ынтымақтастықтың басқа да бағыттарын, соның ішінде ХЕҰ конвенцияларын жүзеге асыру мәселелерін талқылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek/press/news/details/1056070?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version