Әл-Фараби ауданы әкімі аппараты «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Быковский көшесі бойында кең көлемді сенбілік өткізді.
Іс-шараға Әл-Фараби ауданы әкімі аппараты мен Әл-Фараби КММ қызметкерлері, еріктілер және аудан тұрғындары қатысты. Сенбілік барысында қураған ағаштар мен бұтақтар кесіліп, шөптер шабылды. Сонымен қатар көшелер, аяқжолдар мен қоқыс алаңшалары жуылды. Көпқабатты тұрғын үйлердің сыртқы келбеті жаңартылып, заңсыз құрылыстар бұзылды. Аулаларда абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, атап айтқанда сырлау, бояу, ойын және спорт элементтерін ретке келтірумен қатар жалпы санитарлық тазалық шаралары атқарылды.
Сенбілікке 500 қызметкер жұмылдырылып, 30 арнайы техника пайдаланылды. Нәтижесінде аумақтан 40 тоннадан аса қоқыс шығарылды.
Бұл шара аудан аумағының тазалығын қамтамасыз етіп қана қоймай, тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыруға ықпал етті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-al-farabi/press/news/details/1056143?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау