23 тамызда Марқакөл жерінде көпшілікке қуаныш сыйлаған, ұлттық рухты көтерген “Алтын тай – 2025” ат бәйгесі өтті!
Жарыс кезеңдері:
5,5 шақырым – тай жарысы (жас жүйріктердің сынағы)
10 шақырым – құнан бәйге (шапқанға шыдам, жүйрікке әділ сын)
25 шақырым – аламан бәйге (тұлпарлардың нағыз тартысы)
Жеңімпаздар арнайы марапаттар мен ақшалай сыйлықтарға ие болды:
— Тай жарысында 9 орынға дейін,
— Құнан мен аламан бәйгелерінде 5 орынға дейін марапатталды.
Шараның сәні:
— Қазақ ауылы бой көтерді.
— Жергілікті өнімдер жәрмеңкесі ұйымдастырылып, қонақтарға мерекелік көңіл-күй сыйланды.
“Алтын тай – 2025” – Марқакөлдің мерейін өсірген, ұлттық спорт пен мәдениеттің тоғысқан ұлы тойы болды!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-markakol/press/news/details/1055901?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау