Ақмола облысында 14 мыңнан астам оқушы «Мектепке жол» акциясы аясында көмек алуда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ағымдағы жылдың 1 тамызынан 31 қыркүйегіне дейін дәстүрлі республикалық «Мектепке жол» акциясы өткізілуде.

Бұл акцияның негізгі мақсаты – жаңа оқу жылына дайындық кезінде аз қамтылған, көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға материалдық көмек көрсету, сондай-ақ әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке бармауының алдын алу болып табылады.

Бүгінгі таңда облыс бойынша материалдық көмек алған балалардың жалпы саны 13116-ны құрап отыр, ал көрсетілген көмек көлемі 500 млн теңгеден асты. Қаражат ата-аналардың банк карталарына аударылып, бұл оларға мектеп формасын, аяқ киімін және кеңсе тауарларын өз қалауынша сатып алуға мүмкіндік береді.

Жыл сайынғы демеушілік көмекті «Ақниет» жеке қайырымдылық қоры көрсетеді. Биыл қор 1517 оқушыға кеңсе тауарлары салынған мектеп сөмкелерін беріп, жалпы сомасы шамамен 15 млн теңгені құрады.

Бұдан бөлек, акцияны өткізуге аудан және облыс әкімдіктері, мемлекеттік құрылымдар белсенді қолдау көрсетуде. Республикалық акцияға өңірдің бизнес-құрылымдары да қатысуда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-edu/press/news/details/1056188?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version