Астанада Олимпиада бағдарламасына енгізілген 3х3 баскетболдан дәстүрлі бәсеке ұйымдастырылды. Іс-шараны Сарыарқа ауданының әкімдігі мен «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар рухы» жастар қанаты бірлесіп ұйымдастырды, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
Жастарға жақын таныс Самал шағын ауданындағы ойын алаңы 23-24 тамыз күндері тартысқа толы болып, жарқын эмоциялар сыйлады. Себебі 2 күнде баскетбол 3х3-тен U14, U16, U18 санаттары бойынша және ересектер арасында жеңімпаздар анықталды.
«Дәл қазіргі сәтте жастардың арасында дәл осы көше баскетболы аса танымал. Сұраныс болғандықтан, дәл осы спорт түрінен бәсекені өткізуді жөн көрдік. Нәтижесінде барлық жас санаты бойынша 75 команда жиналды. Бұл жерде ұлдармен қатар, қыздар арасында да жүлдегерлердің есімі белгілі болды», – деді Астана қаласы мәслихатының депутаты Арсланбек Мағзұм.
Жарыс соңында жүлдегерлер арнайы кубок пен естелік сыйлықтармен марапатталды.
Айта кетейік, дәл осы турнир маусым айының соңында да өткізілген болатын.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/1056056?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау