АУДАН ӘКІМДІГІНДЕ КЕЗЕКТІ АППАРАТТЫҚ ЖИНАЛЫС ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 25 тамыз күні Нұра ауданының әкімі Бақытжан Мұқановтың төрағалығымен кезекті аппараттық жиналыс өтті. Жиында ауданның әлеуметтік-экономикалық даму барысына қатысты бірқатар өзекті мәселелер қаралды.

Күн тәртібінде ең алдымен аудан бойынша ағымдағы жағдай талқыланып, ауыл шаруашылығы саласындағы егін жинау науқанының барысы сөз болды. Әкім шаруашылықтарға жұмысты жеделдетіп, барлық ауылдық округтерде науқанның уақытылы аяқталуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Сонымен қатар, алдағы 2025–2026 жылдардағы жылыту маусымына дайындық барысы қаралды. Әсіресе тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандардың отынмен қамтылуы ерекше назарға алынды.

Жиналыста Кертінді ауылының даму жоспарлары талқыланып, жаңа өндірістік нысандарды іске қосу мәселелері қозғалды. Сондай-ақ «Қаратал» КМК-ның жұмыс жоспарының орындалуы және аудан бойынша құрылыс саласында жүзеге асырылып жатқан жобалар баяндалды.

Әкім кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөліміне инвестициялар тарту бойынша жұмыстарды жалғастыруды, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды. Бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде жүргізіліп жатқан ақпараттық жұмыстардың тиімділігі де назарға алынды.

Аппараттық жиналыс барысында бірқатар кадрлық өзгерістер де жарияланды. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы лауазымына конкурстық іріктеудің нәтижесі бойынша Бекентаев Ержан Оразұлы тағайындалды. Аудан әкімі жаңа қызметке кіріскен басшыға сәттілік тіледі.

Жиын қорытындысында аудан әкімі Бақытжан Мұқанов жауапты бөлім басшыларына нақты тапсырмалар беріп, әр бағыттағы жұмыстардың сапалы әрі уақытылы орындалуын бақылауда ұстауды міндеттеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-nurinsk/press/news/details/1056284?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version