Аудан басшысы спортшылармен кездесті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Аудан басшысы спортшылармен кездесті

Бүгін Қаратөбе ауданының әкімі Қадыржан Сүйеуғалиев «Ақ бидай» облыстық VIII ауыл спорты ойындарының аудандық іріктеу кезеңіне қатысып, аталмыш спартакиадада ойын түрлерінен жақсы нәтиже көрсетіп, жеңімпаз атанған бір топ аудан спортшылармен кездесті.

Кездесу барысында аудан басшысы Қадыржан Орынбасарұлы аудан спортшыларының жетістіктеріне тоқталып, ұзақ жылдар аудан спортының дамуына сүбелі үлес қосып келе жатырған Ирина Шабдарованың спорт саласындағы еңбегін мақтан етті.

– Мемлекет тарапынан спорт саласын дамытуға үлкен қолдау көрсетіліп келеді.

Құрметті спортшылар аудан спортын дамытудағы сіздердің еңбектеріңіз зор. Алдағы уақытта да үлкен жетістіктерге жетіп, аудан спортын асқақтады деген сенімдемін.

Сегізінші рет өткелі тұрған облыстық спартакиадаға қатысушы баршаңызға сәттілік тілеймін. Жеңіс тұғырынан көрініңіздер, – деді аудан әкімі Қадыржан Орынбасарұлы.

Кездесу барысында сөз кезегін алған аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мәулен Аманшаұлы мен «Қаратөбе» спорт клубының директоры Бауыржан Серікұлы «Ақ бидай» облыстық VIII ауыл спорты ойындарының аудандық іріктеу кезеңінде жеңімпаз атанған спортшылардың өнеріне ризашылықтарын білдіріп, аталмыш спартакиаданың облыстық кезеңінде де жоғары нәтижелерге қол жеткізулеріне тілекші екендіктерін жеткізді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-karatobe/press/news/details/1055984?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version