025 жылғы 22 тамыз күні Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдық мерейтойына орай «Заң және тәртіп» акциясы аясында Шалқар ауданы прокуратурасының үйлестіруімен және жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен Шетырғыз ауылдық округінде «Азаматтарды қабылдау» акциясы өткізілді.
Аталған іс-шараның басты мақсаты – шалғайда орналасқан ауыл тұрғындарына құқықтық көмек көрсету, олардың өтініштері мен арыздарын тікелей қабылдау және тиісті мемлекеттік органдардың жедел жауап беруін қамтамасыз ету болып табылады.
Сонымен қатар аудан прокуратурасы құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдардың өкілдерін тарта отырып, медициналық ұйымдардың қатысуымен Шетырғыз ауылдық округінің Қаратоғай елді мекеніне барып, халықпен кең көлемде кездесу өткізді.
Кездесу барысында ауыл тұрғындары өздерін толғандырған құқықтық, әлеуметтік мәселелер бойынша нақты жауаптар алды. Әрі арнайы шақырылған медицина қызметкерлері жергілікті тұрғындарға тегін медициналық тексеру жүргізіп, кәсіби кеңестер берді.
Сондай-ақ ауыл тұрғындарына алаяқтықтың қауіп қатері және алдын алу шаралары туралы профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-shalkar-shetyrkyz/press/news/details/1055985?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау