2025 жылғы 22 тамызда «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ Алматы облысы бойынша филиалының Балқаш аудандық бөлімінде профилактикалық бақылау қорытындысымен анықталған заң бұзушылықтар бойынша техникалық сабақ ұйымдастырылды. Техникалық сабақ барысында №2 зейнетақы және әлеуметтік қамсыздандыру бөлімінің басшысы Г. Чуйкеева мемлекеттік сақтандыру қорынан төленентін әлеуметтік төлемдерге өтініш қабылдау және электронды іс-макеттерін қалыптастыру барысында қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілердің талаптарын қатаң сақтау, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленентін әлеуметтік төлемдердің уақытылы және толық аударуын сақталуын қамтамсыз ету, жүргізілген профилактикалық бақылау барысында анықталған кемшіліктерді алдағы уақытта болдырмау мақсатында іс-шаралар қабылау, енгізілген ұйғарымның орындалуы бойынша Департаментке нұсқамада көрсетілген мерзімде жазбаша ақпарат ұсыну қажеттілігі түсіндірді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-konaev/press/news/details/1056349?lang=kk
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау