Бюро қызметкері Венадағы ЮНИДО штаб-пәтерінде өнеркәсіп статистикасы бойынша зерттеуді табысты аяқтады

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Біріккен Ұлттар Ұйымының Өнеркәсіпті дамыту ұйымының (ЮНИДО) аймақтық жобасы аясында Бюро басқармасының басшысы Алина Бейсебекова Австрияның Вена қаласындағы ЮНИДО штаб-пәтерінде өнеркәсіп статистикасын дамыту бойынша бес айлық тағылымдамадан өтті. 
 
Тағылымдама барысында ол Қазақстан өңірлері бойынша өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілік индексін (CIP) эксперименттік есептеуден өткізді. Жоба ЮНИДО әдіснамасына сүйене отырып, ұлттық ерекшеліктер ескерілген жағдайда жүзеге асырылды. 
 
Бұл тәсілді өңірлік ерекшелік пен өзекті статистикалық деректерге бейімдеуге мүмкіндік берді. 
 
Сонымен қатар Бюро маманы өнеркәсіп салалары бойынша көпфакторлы өнімділік жобасымен айналысты. Ол Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) әдістері негізінде есептеледі және еңбек пен капиталды тиімді пайдалануға басымдық береді. 
 
Қазақстан Орталық Азияда мұндай эксперименттік есептеулер ұлттық деңгейде жүргізілген алғашқы мемлекет атанды. Жоба нәтижелері стратегиялық жоспарлау, өңірлердің өнеркәсіп әлеуетін бағалау, сондай-ақ өнеркәсіптегі өнімділікті бақылау мен арттыру үшін қолданылуы мүмкін.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/stat/press/news/details/1056074?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version